Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Ақорда
2026 жылдың II тоқсанында еліміздің барлық өңірлерінен 2 400 респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнамаға сәйкес, азаматтардың 67,1%-ы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын ел үшін маңызды бастамалардың бірі деп бағалаған.
Зерттеу мәліметінше, бастама қоғамның түрлі әлеуметтік топтары арасында кең қолдау тапқан. Оны студенттердің 65,4%-ы, 46-60 жас аралығындағы азаматтардың 68,8%-ы, жеке еңбек қызметімен айналысатындардың 66,3%-ы және жоғары білімді респонденттердің 67%-ы қолдайды.
Сауалнама: Жастардың 90%-ға жуығы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды
Сауалнама нәтижелері инфрақұрылым сапасына қатысты тұрғындардың оң бағасы артқанын да көрсетті. Респонденттердің 78,9%-ы мектептердің қолжетімділігіне көңілі толатынын айтқан. Сондай-ақ мәдениет мекемелеріне – 73,8%, демалыс және серуен орындарына – 73,7%, балабақшаларға – 73,5%, спорт кешендеріне 72,3% оң баға берген.
Сонымен қатар зерттеу барысында азаматтардың заңдылық пен қоғамдық тәртіпке қатысты көзқарасы да сараланды. Респонденттердің 87,3%-ы «Заң мен Тәртіп» қағидаты туралы хабардар екенін айтса, 74,2%-ы заң мен тәртіпті сақтау мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі екенін атап өткен.
«Таза Қазақстан»: Биыл елімізде 1 миллионнан астам ағаш отырғызылды
Сауалнамаға қатысқандардың 66%-ы Цифрландыру және жасанды интеллект жылының маңызын атап өтсе, 60,7%-ы жасанды интеллект технологияларын елдің негізгі салаларына енгізуді қолдайтынын жеткізген.
Еске салайық, бұған дейін жүргізілген әлеуметтік зерттеулер ел жастардың 90%-ға жуығы Мемлекет басшысына сенім артатындығын көрсеткен еді.