Түрік әліпбиімен жазылған алғашқы көркем әдебиет кітаптары жарық көрді

31.10.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл алғаш рет ортақ түркі әліпбиімен ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» мен әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы жарық көрді.

Тақауда Алматы қаласында ортақ әліпбимен басылған Абай шығармасының тұсауы кесілсе, өткен айда Бішкекте Айтматовтың туындысы таныстырылды. Бұл бастамаға Түркі академиясы ұйытқы болды. Абай мен Айтматов қазақ пен қырғыз әдебиетінде ғана емес, күллі түркі әлемінде үлкен маңызға ие. "Олардың шығармасын ортақ әліпбимен басып шығару үшін таңдап алуымыз да сондықтан", дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, Ортақ түркі әліпбиі жөніндегі комиссия 2022 жылы құрылды. Былтыр Бакуде өткен комиссияның үшінші отырысында 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі таныстырылды.

Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

- Ортақ түркі әліпбиі – түркі халықтарының рухани және мәдени бірігуіндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Бұл бағытта Түркі академиясы серіктес ұйымдармен бірлесіп, биыл алғаш рет ортақ әліпбимен жарық көрген 2 кітаптың тұсаукесерін өткізді. Бұдан кейін де жұмыстар жалғасады. Алдағы уақытта өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі еңбектерді ортақ әліпбимен жариялауды жоспарлап отырмыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью