Түрік тарапы тергеп жатыр, біз көмектесеміз СІМ Стамбулдағы қазақстандықтың өлімі туралы

28.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев биыл сәуірде Ыстамбұлда болған Қазақстан азаматының өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты. Шенеуніктің сөзінше, іспен түрік тарапы айналысып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев биыл сәуірде Ыстамбұлда болған Қазақстан азаматының өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты. Шенеуніктің сөзінше, іспен түрік тарапы айналысып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Менің ойымша, тергеу аяқталған бойда түрік билігі бізбен мәлімет бөліседі. Ыстамбұлдағы Бас консул байланыста отыр, Қазақстанның құзыретті органдары да бұл мәселемен айналысып, Ыстамбұлдағы әріптестерімен байланыс орнатып жатыр деп ойлаймын", - деді Бақаев.

Журналист тергеуге қазақстандық тараптың қатысуын нақтылап сұрады.

"Бірінші кезекте түрік тарапы өз тергеуін жүргізіп жатыр, өйткені кісі өлімі Түркия аумағында болды. Біз көмектесіп жатырмыз. Қажет болған жағдайда, әрине, қатысамыз, бірақ бұл кезеңде түрік тарапының сұрауы бойынша белгілі бір мәліметтерді ұсынып, жанама түрде атсалысып жатыр", - деп жауап берді министрдің орынбасары.

Ол "егер ақпарат ашық болса", СІМ сұраныс бойынша толығырақ мәлімет ұсына алатынына уәде берді.

Еске сала кетейік, сәуірде Ыстамбұл көшесінде Қазақстан азаматын атып кеткені белгілі болды. БАҚ мәліметінше, полиция екі күдіктіні ұстады. Кейін Қазақстан СІМ жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиға 31 наурызда Фатих ауданында болғанын хабарлаған еді.

БАҚ белгісіз біреу жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа оқ жаудырғанын жазды. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада қайтыс болды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Интерпол, СІМ және Бас прокуратура түрік тарапымен байланыста екенін мәлімдеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью