7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстанда жаңа фармацевтикалық өндіріс іске қосылады.
Денсаулық сақтау министрлігінде түріктің Nobel компаниясымен 40 млрд теңгелік инвестициялық келісімге қол қойылды.
Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, фармацевтика саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр: өндіріс көлемі 10%-ға артса, инвестициялар екі есе ұлғайған. Бұл – отандық өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесі.
Келісім аясында әлеуметтік маңызы бар 17 препарат пен 40 түрлі дәрі-дәрмек шығару жоспарланған. Зауыт құрылысы 2026 жылы басталады, ал өндіріс GMP халықаралық стандарттарына сай болады.
Жоба елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтіп, экспорттық әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.