Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Наразылық білдірушілердің полиция қызметкерлерінің бірін ұруы Италияда ерекше резонанс тудырды. Наразылық білдірушілер тобы оны қоршап алып, таяқпен және құрылыс құралдарымен жаппай ұрған.
Елдің премьер-министрі Джулия Мелони демалыс күндері Туринге барып, ауруханада жатқан полиция қызметкерінің жағдайын біліп қайтты.
Джулия Мелони бұл оқиғаларды «мемлекетке шабуыл» деп атады.
— Біреуді балғамен ұрғанда, оның салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін алдын ала білесің. Бұл – наразылық емес, бұл – қақтығыс та емес. Бұл адам өлтіруге оқталу деп аталады, — деді Италия премьер-министрі.
Айта кетейік, Туриндегі әлеуметтік орталықты бұзу туралы үкімет жоспарына қарсы наразылық қақтығысқа ұласты. Демонстрация кезінде үкіметке қарсы ұрандар мен Палестинаны қолдауға шақырулар естілді.
Наразылық білдірушілер қоқыс контейнерлерін өртеп, полиция қызметкерлеріне тас лақтырды. Олар су атқыштармен тойтарыс берді.
Бұған дейін Италияда наразылық кезінде полицей соққыға жығылғанын хабарлаған едік.