Туристік визит орталықтардың жұмысына бірыңғай талап енгізілді

30.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жаңа ереже туристік нысандарда, бағыттарда және туристік аумақтарда орналасқан визит-орталықтардың қызметіне қойылатын ортақ талаптарды айқындайды. Кәсіпкерлік субъектілері ашатын мұндай орталықтар туристерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, түрлі туристік қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасын жақсартып, саяхатшылардың қауіпсіздігін күшейтуге және заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?

Айта кетейік, биыл визит-орталықтарға туристерді ақпараттандыру және туристік қызмет көрсетуге арналған туризм нысаны мәртебесі заң жүзінде берілді. Сонымен қатар оларды орналастыру, салу, қайта жаңғырту, жабдықтау, күтіп ұстау және пайдалану тәртібі нақтыланып, уәкілетті органға олардың қызметін реттейтін қағидалар мен талаптарды бекіту құзыреті жүктелді.

Қағидаға сәйкес визит-орталықтар өңірлердің туристік әлеуеті, көрікті жерлері, туристік бағыттары мен нысандары туралы өзекті ақпарат ұсынып, келушілерге кеңес береді. Сондай-ақ ақпараттың уақытылы жаңартылуын қамтамасыз ету үшін туристік ақпараттық орталықтармен өзара байланыста жұмыс істейді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес туристік қызмет көрсетеді.

Құжатта туристердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Егер қандай да бір себеппен туристік нысандарға немесе бағыттарға баруға шектеу қойылса, бұл туралы ақпарат визит-орталықта және оның интернет-ресурсында мәлімет алынған сәттен бастап бір сағат ішінде жариялануға тиіс.

Сондай-ақ визит-орталықтардың жұмыс тәртібі де белгіленді. Ол орналасқан жеріне, туристер легіне және туристік нысандардың жұмыс режиміне қарай жыл бойы немесе маусымдық негізде ұйымдастырылуы мүмкін.

Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жетті

Келушілерге қызмет мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.

Бұдан бөлек, құжатта мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен әдеп қағидаларына қойылатын талаптар қарастырылған. Сондай-ақ визит-орталықтар жанынан қоғамдық тамақтану орындарын, сауда нысандарын, орналастыру орындарын және өзге де сервистік инфрақұрылымдарды заң талаптарына сәйкес орналастыруға мүмкіндік беріледі.

Министрлік жаңа қағидалар еліміздегі барлық визит-орталықтардың жұмысын бірыңғай стандартқа келтіріп, туристерді сенімді әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және Қазақстан бойынша саяхаттауды барынша жайлы әрі қауіпсіз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью