Туризмді жарнамалау тоқырап тұр: Шетелдіктерді тарту құралдары неге 4 жыл бойы жаңартылмаған?

27.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Үкімет туризм саласын дамытуды ерекше бақылауда ұстайды. Үкімет отырысының қорытындысына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектенов туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту, қызмет сапасын арттыру және табиғи байлықтарды сақтау мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, шетелдік турист ел таңдамас бұрын ашық дереккөздердегі, әсіресе интернет пен әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенеді. Алайда соңғы төрт жылда Қазақстанды шетелде ілгерілету құралдары жаңартылмаған. Көп жағдайда ескірген мәліметтер қолданылып, мәдени, этнографиялық және басқа да мазмұн жеткілікті қамтылмай отыр.

Елімізде туризмге салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Осыған байланысты Туризм министрлігіне Мәдениет министрлігі, Kazakh Tourism және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстанда өтетін барлық мәдени, спорттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды ескере отырып, 2026 жылға арналған егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын бір ай ішінде әзірлеу тапсырылды.

Алматыда жаңа шаңғы тебу аймағы ашылады

Отырыста ұлттық парктер мен қорықтар аумағындағы кәсіпкерлік қызмет мәселесі де көтерілді. Қазіргі таңда отандық кәсіпкерлердің бұл аумақтарға кіруі бірқатар әкімшілік кедергілерге тіреліп отыр. Премьер-министр табиғатты қорғау мен туризмді дамытудың тепе-теңдігін сақтаудың маңызын атап өтті.

«Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында кәсіпкерлердің ұлттық парктер мен қорықтарға, резерваттар аумақтарына реттеу арқылы кіру тетіктері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеп, ұсыныстар енгізу қажет. Экология министрлігі кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуі тиіс», деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ бизнес өкілдерінің су айдындары жағалауындағы қорғау аймақтарына қатысты шектеулерге байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда қиындықтарға тап болып отырғаны айтылды. Кей жағдайда аквапарк сияқты туристік нысандарға қажетті инфрақұрылымды тарту мүмкін болмай отыр. Премьер-министр бұл мәселеде экология талаптарын сақтай отырып, барлық тарапқа тиімді шешім табу қажет екенін атап өтті.

Осы бағытта Су ресурстары министрлігіне озық халықаралық тәжірибені зерттеп, заңнамаға тиісті өзгерістер әзірлеу тапсырылды.

Қазақстан – Amazon Prime мен Euronews назарында: Туристік турлар саны 3 есе артты

Туризм саласындағы аталған тапсырмалардың орындалуын жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 10:26

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді

Заң • Бүгін, 10:18

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады

Президент • Бүгін, 10:04

Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?

Экономика • Бүгін, 10:01

Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 09:50

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 09:37

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:14

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Ата заң • Бүгін, 09:05

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00

Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама

Қоғам • Бүгін, 08:55

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Құрылтай • Бүгін, 08:48

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:45

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 08:43

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью