Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Бакуде WUF-13 Дүниежүзілік қалалар форумы аясында Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер арасында Қала құрылысы, аумақтық жоспарлау және тұрақты қалалық даму саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжат қала құрылысы, сәулет, тұрғын үй саясаты және тұрақты қалалық даму салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
"Тараптар қалаларды дамыту ісін цифрландыру, геоақпараттық жүйелерді (GIS), 3D-модельдеу, цифрлық сыңарлар мен жасанды интеллект технологияларын енгізу, "ақылды" және "жасыл" қалаларды дамыту, сондай-ақ энергия үнемдейтін әрі экологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру бағыттары бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге келісті", - деп жазылған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарламасында.
Меморандумға қол қою ТМҰ елдерінің тұрақты қалалық даму саласындағы практикалық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін көрсетеді.
ТМҰ құрамына мына елдер кіреді:
Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Түркия
Әзербайжан
Бақылаушы елдер:
Түрікменстан
Венгрия
Солтүстік Кипр