Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің спорт министрлері Ташкентте бас қосты

18.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шараға қатысқан қазақстандық делегацияны Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бастап келді. Отырыста жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық және бірлескен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ ведомство басшылары түркі елдерінің жастары арасында ортақ мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ерекше назар аударды.

Отырыстың қорытындысы бойынша ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар саясаты және спорт саласындағы бірлескен келешек жоспары қабылданды.

Еске салайық, биыл 18 қыркүйекте Қырғызстан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары мен вице-президентінің отырысы өтті.

Сондай-ақ, 7 қазанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің XII саммитінде сөз сөйлеген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұйымға мүше елдерді қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға шақырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью