Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Түркістан халықаралық әуежайында әуе кемелерінің бірінен техникалық ақау шықты. Оқиға ұшу-қону жолағында болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Желіде оқиғаға қатысты түрлі болжам айтылды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшімізге әуе кемесінде техникалық ақау болғанын растады.
"11 қыркүйекте Түркістан әуежайының ұшу жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта ақауды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведмоство өкілдері тілшімізге.
Әуе кемесінің қандай себеппен істен шыққаны, ұшақтың жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесі болған-болмағаны және оқиғаның мән-жайы әзірге нақтыланған жоқ.