Түркістан облысы Төлеби ауданында демалыс аймағын су басты

02.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Төлеби ауданының Ақмешіт ауылы маңындағы туристік аймақта жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша салынған көпір шайылып кеткен. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы жаяу жүргіншілер өткелі зақымданған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жеткен. Екпінді ауылынан 11 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Ал демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника тартылды. Барлық азаматқа медициналық көмек қажет болмаған, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, «Қазселденқорғау», полиция және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью