Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2025 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы аясында республика бойынша 7344 квота бөлінген.
Аталған бағдарлама шеңберінде Түркістан облысынан 407 отбасы, яғни 1 634 адам еліміздің жұмыс күші жетіспейтін 7 облысына қоныс аударған.
— Өткен жылы Түркістаннан көш түзеген азаматтардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысын таңдаған. Бұл өңірге 241 отбасы, яғни 971 адам қоныстанды. Сондай-ақ Қостанай облысына — 29 отбасы, 128 адам, ШҚО — 25 отбасы, 93 адам және Павлодар облысына 93 отбасы, 372 адам көшіп барды. Бұдан бөлек, Абай облысына — 9 отбасы, 29 адам, Қарағанды — 4 отбасы, 19 адам және Ұлытау облысына 6 отбасы, 22 адам тұрақтады, — делінген ведомствоның ұсынған ақпаратында.
Ал биыл республика бойынша 5997 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленді. Оның қатарында Абай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Еске салсақ, қазіргі таңда Түркістан облысында 40 мыңға жуық жұмыссыз адам тіркелген.
Бұдан бұрын Түркістан облысында жұмыссыздықпен күрес қалай жүріп жатқанын жазған едік.
Аида Балаева Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.