Түркістан облысында 15 жастағы қызды 71 жастағы туысқан атасы жүкті қылып қойған

20.10.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына айта алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қарт өз кінәсін толық мойындаған. 

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Сұмдық жайтты естіген ауыл тұрғындары бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью