Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Түркістан облысында бес жасар қызға ит шабуыл жасап, оның бетін қатты жарақаттады. Оқиға Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында болған. Дәрігерлер балаға шұғыл ота жасағанымен, оның бетінде тыртық қалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: shutterstock.com
Қыздың анасының айтуынша, бала туыстарының үйінде басқа балалармен ойнап жүрген кезде ит кенеттен шабуыл жасаған. Бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер қыздың бетінің оң жағы қатты зақымданғанын, басынан да жарақат алғанын мәлімдеді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр.
Туыстары оқиғадан кейін итті іздегенімен, таба алмаған. Ауыл тұрғындары мұндай жағдай алғаш рет емес екенін, бұған дейін де бірнеше адам иттен зардап шеккенін айтты.
Сауран ауданы әкімдігі шабуыл жасаған иттің иесі бар екенін хабарлады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жануар мен оның иесін іздестіріп жатыр. Ал ауылдағы тағы бір адамға шабуыл жасаған ит ұсталып, зертханаға жіберілген.
Әкімдіктің мәліметінше, аудан бойынша қаңғыбас иттерді аулауға биыл 6,5 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан бері шамамен 50 ит ұсталған.
Соңғы жаңалықтар
Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
АҚШ-қа виза уәде етіп, қазақстандықтарды 900 млн теңгеге алдаған турфирма басшысына үкім шығарылды
Қоғам • Бүгін, 00:26
ШҚО-да полицейлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады
Экономика • Кеше
Допинг дауы: Қазақстандық еркін күрес шебері Мадхия Усманова төрт жылға жарыстардан шеттетілді
Спорт • Кеше
Илон Масктың SpaceX компаниясы IPO-ға қатысуға құжат тапсырды
Әлем • Кеше
Жетісу облысында жарты тонна заңсыз ақбөкен мүйізі табылды
Қоғам • Кеше
Париж апелляциялық соты 228 адам құрбан болған апатқа Air France пен Airbus-ты кінәлі деп тапты
Әлем • Кеше
Павлодар облысындағы зауыттан құны 10 млн теңге болатын металл ұрланды
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Кеше
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Кеше
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Кеше
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше