Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Түркістан облысында жайылым жетіспеушілігі 531,1 мың гектар көлемінде қалыптасқан. Өңірде халық тығыздығының жоғары болуы, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басының көптігі және елді мекендер маңындағы жайылымдарға түсетін жүктеменің шамадан тыс артуы жердің тозуына, экологиялық ахуалға әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күні кеше сенаторлар Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында осындай деректер келтірді. Жайылым тапшылығы облыс аумағында өзекті проблема болып тұр. Мысалы, былтыр Сайрам ауданы Шапырашты ауылының тұрғындары мал жаятын жердің барлығы жекенің меншігіне өтіп кеткенін, жайылым тапшылығынан жұрт жыл он екі ай төрт түлігін қораға қамап ұстауға мәжбүр екенін айтып шағымданған болатын. Ал аудандық әкімдік Шапырашты мен Береке ауылында жайылым жер жоқ екенін ашып айтты. Дегенмен өңірде бұл бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, арнайы құрылған жұмыс тобы 2 271 жер пайдаланушыға тиесілі 335,8 мың гектар жайылым жерде мал басының тіркелмегенін анықтаған. Осыған байланысты аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп нақтылау жұмыстары жүргізіліп, 187,3 мың гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары бекітілді. Жалпы 2024-2025 жылдар аралығында облыс бойынша 293,3 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жайылымдардың елді мекендерге жақын орналасқан 161,9 мың гектарын қоғамдық жайылым ретінде ауылдық округ әкімдіктеріне бекітіледі. Сондай-ақ 2026 жылға ауыл шаурашылығы мақсатындағы 146,5 мың гектар жерді айналымға енгізу жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Бүгін, 07:40
Білім • Бүгін, 07:30
Білім • Бүгін, 07:20
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • Кеше
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • Кеше
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • Кеше
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • Кеше
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Кеше
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • Кеше
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Кеше
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • Кеше
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • Кеше
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • Кеше
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • Кеше
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • Кеше