Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға Отырар ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
Қыздың анасының айтуынша, жоғары сынып оқушысы тарапынан алты жасар бүлдіршінге жасалған зорлық әрекетінің белгісі болғанымен, күдікті әлі күнге дейін қамауға алынбаған.
Осыған қатысты Түркістан облысы полиция департаменті Kazinform тілшісіне ресми түсінік берді.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, тұрғынның барлық уәждері тексеріліп жатыр.
– Бастапқы тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттер анықталмады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейтіні нақтыланды.
Бұдан бұрын Шымкентте оқушы қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен мектеп мұғалімі қамауға алынғанын жазған едік.