Түркістан облысында 600 ден астам мал құжатсыз тасымалданған

22.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылып, облыс аумағындағы негізгі бағыттар толық қамтылды.

"Жеті тәуліктің ішінде полицейлер мал тасымалдап бара жатқан 48 жеңіл және жүк көлігін тоқтатты. Нәтижесінде 38 көліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 бас мал анықталды", - дейді полиция.

Құжатсыз мал тасымалдаумен айналысқан жүргізушілерге заң аясында шара көру үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілді. Іс материалдары учаскелік полиция инспекторларына тапсырылып, әрбір дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью