Түркістан облысында 9 сынып оқушысы жас жігітті өлтірді деген күдікке ілінді

01.06.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Түркістан облысының Ленгір қаласында қараусыз қалған ғимараттан 21 жастағы жігіттің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Almaty.tv арнасының мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы ұсталған. Әзірге жастар арасында нақты не болғаны және қайғылы оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью