Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Осы ретте Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері көше бойына шамамен 2 тонна құрылыс қалдықтарын төккен тұрғынды анықтады.
Аталған құқық бұзушылық бойынша оған абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар тексеру барысында тағы бір тұрғынның белгіленбеген орынға шамамен 3 тонна қой қиын төккені белгілі болды.
Бұл дерек бойынша да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Жалпы жүргізілген іс-шаралар барысында бір тәулік ішінде 15 құқық бұзушылық тіркеліп, заңға сәйкес шаралар қолданылды.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, белгіленген тәртіпті бұзбауға және экологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады.