Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның жаза мерзімі өзгерді

01.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып өлтірген ер адамға үкім өзгерді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Оған прокуратураның келтірген апелляциялық өтініш хаты себеп болған.

Бірінші сатылы сот ер адамды биыл 16 қаңтарда 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған. Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, ер адам жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, тағайындалған жазаның мөлшерін жан-жақты, толық және объективті түрде зерделеген.

"Сотталған адамның жасаған қылмысы қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, оны қинап, ұдайы ұрып-соғып, психикалық зардап шеккізген. Барынша арсыздықпен, аса қатыгездікпен, өзінің туған әкесінің денсаулығына қасақана орта деңгейде жарақат салған. Бірнеше уақыт қинап келген. Жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, жерлеп тастаған. Бұл - жаза мөлшерін ұлғайтуға толық негіз", - дейді сотта.

Екінші үкім 31 наурызды шықты. Әкесін ұрып өлтірген ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы Қоссейіт ауылында ер адам әкесін ұдайы аяусыз ұрып-соққан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамды дүр сілкінтті. Кейіннен ер адамның танымал тамада екені белгілі болды. Айта кетейік, баласынан соққы жеп көз жұмған әкенің жасы жетпісте болған. Бйнежазбада қартты ұрып жатқанда келіні қарап тұрғаны түсірілген. Бейнежазбаны көршілері түсіріп алған.

Кейіннен әйелдің де үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бірінші сатыдағы сот үкімі 16 қаңтарда шықты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью