Түркістан облысында ауыр қылмыс саны 6,8 пайызға өскен

04.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде алаяқтық және интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға артқан.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Айдын Төребековтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста қылмыстық құқық бұзушылықтар 7,9 пайызға төмендеген.

— Егер 2024 жылы өңірде 5262 қылмыс тіркелсе, өткен жылы олардың саны 4848 болған. Биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша облыстағы қылмыс саны 6,8 пайызға төмендеп отыр. Оның ішінде ауыр емес қылмыстар 18,1 пайызға, аса ауыр қылмыстар 10 пайызға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 3,6 пайызға төмендеген, ал ауыр қылмыс саны 6,8 пайызға өскен, — деді департамент бастығы.

Сондай-ақ былтыр ақша жылыстату деректері бойынша өңірде тіркелген қылмыстық істер саны екі еседен астам өсіп, 38-ден 80-ге жеткен.

Мамандардың айтуынша, қылмыскерлер жалған компаниялар, банк шоттары мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып, күрделі қаржылық схемаларды жүзеге асырып жатыр. Әсіресе, дропперлік қызмет кең таралған.

Бұдан бұрын жылдың алғашқы екі айында өңірде есірткі қылмысы бойынша 80-ге жуық құқық бұзушылық анықталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью