Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Нәтижесінде бала үйіне уақытында оралмаған. Осыған байланысты ата-анасы 102 арнасына хабарласып, көмек сұраған.
Оқиға бойынша жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, Сауран аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары кешкі уақытта аумақты аралау барысында баланы анықтады.
Нақтырақ айтқанда кешкі сағат 20:00 шамасында Үшқайық ауылдық округіне қарасты Теке ауылы маңындағы көпір тұсында жалғыз жаяу кетіп бара жатқан баланы полицейлер байқап, ата-анасына тарсырды.
Жасөспірімнің ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, ұлын аман-есен тапқаны үшін алғысын білдірді.