Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Тергеу деректеріне сәйкес, Қоғамдық даму басқармасының басшысы бағынышты қызметкерімен сөз байласып, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге бөлінген 181 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды алу мақсатында комиссия мүшелеріне 16 миллион теңге көлемінде пара берген деген күдікпен тергелуде.
Соттың санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, Түркістанда жол сапасына салғырт қараған мердігерлер мекемелерге айыппұл салынды.