Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мәселен бейнебақылау камералары арқылы Сайрам ауданы көшелерінің бірінде Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жүргіншіге жол бермегені анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік шара көрілді.
Қазіргі таңда аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 116 бейнебақылау камерасы мен 8 жылдамдық өлшегіш камерасы жұмыс істейді. Олардың көмегімен бір тәулік ішінде 30-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Жыл басынан бері Жедел басқару орталығы арқылы мыңдаған құқық бұзушылық тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданды.
Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға өз үлесін қосуда. Полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.