Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰҚ
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, Алматы-2 – Саратов бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан.
«Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді», делінген хабарламада.
Осылайша қызметкерлер жедел әрекет етудің арқасында бала өмірін сақтап қалды. Төтенше жағдайға қарамастан пойыз қозғалысы небәрі төрт минутқа кешіккен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңақорған – Түркістан теміржол учаскесінде «Саратов – Алматы» бағыты бойынша қатынайтын №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен еді. Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, вагонда 36 жолаушы болған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен.