Түркістан облысында бір мектепте 17 жұп егіз оқиды

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Арыс қаласында бір мектепте 17 жұп егіз білім алып жүр. Олардың бір-біріне ұқсайтыны соншалық, кейде мұғалімдері ажырата алмай жатады.

Жалпы бұл қалада кәмелет жасына толмаған 150 егіз бала бар екен. Сосын осы Арыстағы тағы бір мектепте бүтін бір сыныптың оқушылары сол қолмен жазады. Арыс қаласындағы мектептердің бірінде 17 жұп егіз оқушы білім алып жатыр. Жергілікті тұрғындар әзілдеп, бұл білім ордасын «егіздер фабрикасы» деп те атайды.

Рахима Жүнісова, №32 Жалпы орта мектептің директоры:

- Қазіргі таңда мектебімізде 1622 оқушы бар. Соның ішінде біздің мектептің бір ерекшелігі – егіздеріміз. Біз жыл сайын егіздермен мақтанамыз, егіздермен толығып жатамыз. Олардың ішінде әр түрлі жастағы егіздер. Барлық сыныпта кездеседі егіздер бізде.

Інжу мен Іңкәр – 9 сыныпта оқитын апалы-сіңлілі егіздер. Олардың айтуынша, мұғалімдер әлі күнге дейін оларды ажырата алмай жатады. Егіз қыз үнемі бірге жүреді, бір партада отырады. Ал 11-сынып оқушысы Азаматтың сыңары қыз бала. Шапағат екеуін сырт-келбетінен ажыратқанымен, олардың қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы бір-бірінен аумайды.

Азамат Өсербек, №32 Жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы:

- Біздің егіз екенімізді мектепте байқамағанымен, сыртта ұқсастығымызды байқайды. Біздің мектептің өзге мектептерден айырмашылығы – егіздер саны көп және бұл мектептің абыройын да көтереді. Біздің, отбасымыздың абыройымызды көтереді.

Сыныптағы барлық оқушы сол қолмен жазады 

Арыстағы таң қылар құбылыс мұнымен бітпейді. Мысалы, тағы бір мектепте бір сыныптың оқушылары түгелдей дерлік сол қолмен жазады. Бір сыныптағы 24 бала ешқандай іріктеусіз жинақталған. 

Сара Әлімбекова, №4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

- Олар шығармашылыққа бейім болады екен. Сосын сол қолмен жазатындар сөзшең келеді. Сөзге өте ұста, керемет, сөзге шешен болады. Сосын өнерге жақын болады. Біразы биге, спортқа, көптеген өнерге жақын.

Егіз балалар да, сол қолмен жазатын оқушылар да топпен жұмыс істеуге бейім,- дейді мұғалімдер. Олар тез тіл табысып, бір-біріне көмектесуге әзір тұрады. Мұндай ерекшелік қарапайым білім ордасының танылуына да сеп болған.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Катерина Попкова, Нұрмахан Мусатов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью