Түркістан облысында бір тәулікте нөмірсіз жүрген 50 ге жуық көлік анықталды

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркістан облысында тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз немесе жалған нөмірмен жүрген 50-ге жуық жүргізушіні анықтады.

Облыстық Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда күмәнді көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексерген.

Рейд барысында кейбір жүргізушілердің полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенгені белгілі болды. Алайда полицейлердің жедел іс-қимылының арқасында олардың заңсыз әрекеттеріне дер кезінде тосқауыл қойылды.

– Нәтижесінде 1 тәулікте мемлекеттік тіркеу белгісін әдейі алып тастаған немесе жалған нөмір пайдаланған Changan, Toyota, BMW, Hyundai Palisade, Cadillac Escalade, Lixiang L9 маркалы 50-ге жуық автокөлік анықталды. Барлық дерек бойынша заңға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полицейлер мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Бұдан бұрын Түркістанда төленбеген 18 айыппұлы бар жүргізуші жалған нөмірмен ұсталғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью