Түркістан облысында бірнеше жыл бос тұрған тубдиспансер ғимаратына қай мекеме орналасады

22.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Аталған нысанның құрылысы 2005 жылы басталып, 2009 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат 60 орынға арналған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, екі қабатты ғимараттың пайдаланылмай тұрғанына 10 жылға жуық уақыт болған.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Осыған байланысты Kazinform тілшісіне Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ресми түсінік берді.

– Отырар аудандық туберкулезге қарсы диспансері 2016 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің құрамына енгізілді. Ал 2018 жылы Отырар аудандық орталық ауруханасының теңгеріміне өтті. 2022 жылдың наурыз айынан бастап облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ теңгеріміне берілді, – делінген басқарма жауабында.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Ведомство мәліметінше, туберкулезге қарсы диспансер Отырар аудандық орталық ауруханасының құрамында болған кезеңде нысан толық залалсыздандырылған. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, ғимаратта 2024-2025 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

– Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан жаңадан құрылған «№5 Отырар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ теңгеріміне өткізілді, – делінген ведомство ақпаратында.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Бұдан бұрын Түркістан қаласында 2020 жылы құрылысы басталған 570 орындық көпбейінді аурухананың қашан пайдалануға берілетіні туралы жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью