Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша қаражатын бопсалауға күдікті 32 жастағы әйел блогерді ұстады.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген жергілікті тұрғын блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткен.
— Алдын ала мәліметтер бойынша күдікті Келес ауданындағы медициналық мекеменің басшысынан әлеуметтік желілерде беделін түсіретін сипаттағы материалдарды таратпағаны үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы талап еткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, — делінген облыстық ПД хабарламасында.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бұрын Түркістан облысында кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталғанын жазған едік.