Түркістан облысында егіс алқабын жасанды интеллект бақылайтын зауыт ашылды

27.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында соңғы үлгідегі ақылды технологиялармен қамтылған заманауи мақта өңдеу зауыты ашылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Заманауи мақта өңдеу зауыты Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылдық округінде орналасқан. Зауыт іске қосылуымен 279 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

"Жаңа мақта анроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллект жүйесі енгізілген. Ақылды басқару орталығында жасанды интеллект арқылы басқару, бақылау, реттеу жұмыстары жүзеге асады. Егіс алқабы, зауыттар түгел бақыланып отырады. Су, мақтаның өсу барысы, жердің ылғалдылығын да қадағалау жүйесі енгізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Зауыттың 20 мың өңделген мақта сақтайтын алып қоймасы бар. Мұндай қоймалар саны артады. Мұнда өңделген мақта Түркістандағы зауытта жіпке, матаға айналады.

Оған қоса өңделген мақта Еуропа мен Қытайдағы фабрикаларға экспортталады деп жоспарланып отыр. Ал мақтаның шитінен мал шаруашылығына қажетті жем шығарылып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью