Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Түркістан облысындағы шаруалар нарыққа шетелдің арзан қызанақтары ағылып келуіне байланысты өздерін банкрот деп жариялауға дайын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Түркістан облысындағы шаруалар нарыққа шетелдің арзан қызанақтары ағылып келуіне байланысты өздерін банкрот деп жариялауға дайын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Сарыағаш ауданының диқандары бизнестің күйреп жатқанын айтады. Онда екі мыңға жуық қожалық 400 гектар жерде жылыжай қызанағын өсіреді. Алайда, жұрттың айтуынша, Қытай мен Түркменстаннан тонналап әкелініп жатқан арзан көкөністердің кесірінен осыншама еңбек зая кетіп, өнім шіріп қалуы мүмкін.
"Сауда жоқ, өнім жан-жақтан келіп жатыр. Олардың қызанақтары біздікінен арзан. Қазір қоймада 15 тонна тауарым жатыр, оны сата алмай отырмыз. Бір аптадан кейін бәрі езіліп, шіри бастайды – сосын мен банкротпын. Шығыным қазірдің өзінде 25 миллион теңгеге жуықтады", - деді диқан Нұрсұлтан Қуанышбаев.
Қазір Шымкент базарларында қытайлық қызанақтар 350 теңгеден сатылып жатыр. Ал жергілікті өнімнің келісі 550 теңге шамасында. Диқандардың пайымдауынша, сатып алушыларды дәл осы 200 теңгелік айырмашылық қызықтырып отыр. Олар лық толы қоймаларын көрсетіп, шығындарын есептеп жатыр.
"Бір гектар жылыжайды күтіп ұстау үшін тоннасы 27-29 мың теңге болатын 500 тоннаға жуық көмір кетеді. Бір жұмысшының жалақысы – 250–300 мың теңге, ал бір гектарға 30-40 адам жалдаймыз. Бұған тыңайтқыш пен дәрі-дәрмекті, сондай-ақ коммерциялық тарифпен 80 мың теңге болатын жарықты қосыңыз. Көшеттің әр данасы 150 теңге тұрады. Сонымен, қазақстандық қызанақтың бір келісінің өзіндік құны 450-460 теңге төңірегінде болады", - деді жылыжай иесі Бауыржан Әбілқасымов.
Фермерлердің айтуынша, импорттық көкөністердің сапасы мен дәмі отандық өнімнен әлдеқайда төмен. Сонымен қатар шаруалар Қытай мен Түркменстаннан келетін қызанақтар шекарада жіті тексерілмейді деп күдіктенеді.
"Біз шекарадағы фитосанитарлық бақылау мәселесін үнемі көтеріп келеміз, себебі сырттан ауру қоздырғыштары бар қызанақтар мен басқа да көкөністер әкелініп жатыр. Бізде бұған қатысты нақты деректер – ауру түскен көкөністердің видеосы мен құжаттар бар. Алайда зертханалық зерттеулер бойынша бәрі тап-таза деп шығады", - деді Қазақстан фермерлік жылыжайлар қауымдастығының төрағасы Данияр Қалтаев.
Сауда және интеграция министрлігі диқандардың сауалына тауар бағасы ең алдымен сатып алушы үшін бәсекеге қабілетті әрі тиімді болуы тиіс деп жауап берді. Бұдан бөлек, министрлік дерегінше, импорттық қызанақтар нарықтың небары жеті пайызын ғана құрайды. Дегенмен, шенеуніктер егер жергілікті өндірушілер бірқатар кепілдік берсе, жағдайды өзгертуге дайын.
"Егер Фермерлер қауымдастығы тарапынан елді қызанақпен толық қамтамасыз етеміз, баға тұрақты болады және жыл бойы нарыққа тиімді, халыққа қолжетімді нақты құнын бекітеміз деген кепілдіктер берілсе, онда Сауда министрлігі түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын", - деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанысова.
Алайда қазір шаруалар кепілдік туралы ойлап отырған жоқ. Олар ең болмағанда өзіндік құнын жабу үшін қызанақтарын тезірек өткізуге тырысып жатыр. Жылыжай иелері "Егер қарызымызды қайтара алмасақ, келесі маусымда көбіміз кәсібімізді тоқтатуға мәжбүр боламыз" деп отыр.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2