Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70 ке жуықтаған

04.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында "Ішімдіксіз ауыл" бастамасы аясында алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайтын ауылдар саны жыл сайын артып келеді.

Былтырдың өзінде ішімдіксіз ауылдар саны 30-ға жеткен. Оның ішінде, Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан 5 ауыл, Келес ауданында – 4, Сайрам ауданында – 3, Қазығұрт, Төлеби және Сауран аудандарында – 2, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында түгелдей бір ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.

"Ал, биыл ішімдіксіз ауылдар саны 66-ға жектен. Солардың бірі - Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылы. Жалпы 131 үйі, 1 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью