Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында шағын өндірістік паркте капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
© Photo : Түркістан облысы әкімдігіТүркістан облысында капсулалы үйлер шығарылып жатыр

Түркістан облысында капсулалы үйлер шығарылып жатыр
© Photo : Түркістан облысы әкімдігі
2025 жылы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-ға сапар жасап, "Shandong Kamoya" зауытының жұмысымен, өндірістік қуатымен және инновациялық шешімдерімен танысып, осы жобаны жүзеге асыру мәселесін нақтылаған болатын.
Сол келісім нақты іске ұласып, қазіргі уақытта Түркістан облысында "KHAN TAU" брендімен капсулалы үйлер шығарылуда.
© Photo : Түркістан облысы әкімдігіТүркістан облысында капсулалы үйлер өндіріліп жатыр

Түркістан облысында капсулалы үйлер өндіріліп жатыр
© Photo : Түркістан облысы әкімдігі
"Облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен салынған шағын өндірістік паркте инвесторлар үшін жаңа ғимараттар бой көтерген. Солардың бірінде "BNK Group" компаниясы Қытайдың "SHANDONG CAMOVA WISDOM CULTURE TRAVEL" компаниясымен бірлесіп, капсулалы экоқонақүйлерді және өзге де инновациялық модульдік нысандарды қамтитын заманауи смарт-құрылыстар өндірісін іске қосқан", - делінген хабарламада.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді. Аталған смарт-құрылыстарды ішкі туризмді дамыту, туристік кластерлер қалыптастыру, қалалық ортаны абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында пайдалануға болады.
Сонымен бірге "BNK Group" компаниясы өз өндірістік базасында заманауи сэндвич-панельдер шығаруды жолға қойды.
"Жоба аясында тәулігіне 1 000 шаршы метрге дейін дайын өнім өндіруге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық өндірістік желі іске қосылды. Бұл құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды сапалы құрылыс материалдарымен жедел қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Өндірілетін сэндвич-панельдер заманауи талаптарға толық сай келеді", - дейді әкімдік.
Өндірістің іске қосылуы нәтижесінде 30-ға дейін тұрақты жұмыс орны құрылды. Аталған жоба жергілікті өндірісті дамытуға, импортты алмастыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік, азаматтық және аграрлық құрылыс салаларындағы жобаларды қолжетімді әрі сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған.