Түркістан облысында кедендік тексеруден кейін 250 млн теңге қосымша төлем есептелді

16.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айдос Қадірбердиевтың айтуынша, өңірде биылғы І тоқсанда 24 кедендік тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 250 млн теңге қосымша төлем есептелген. Оның 135 млн теңгесі бюджетке өндірілген.

Спикердің сөзінше, қазіргі таңда кедендік бақылау жұмыстары автоматтандырылған форматта жүзеге асырылып жатыр.

– Бұл тәсіл тексерулердің ашықтығын арттырып, адам факторын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Жалпы қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша бекітілген болжамды жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 1,3 млрд теңге көлеміндегі кедендік салықтар мен төлемдерді есептеп, бюджетке өндіру белгіленген, – деді ол.

Кедендік заңнаманы бұзудың негізгі түрлері ретінде тауардың кедендік құнын дұрыс анықтамау, декларацияларды толтырмау, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарын қате белгілеу және тарифтік талаптарды сақтамау жағдайлары жиі тіркелген.

– Валюталық бақылау бағытында 2024 жылдан бері 980 банктік бақылау картасы есепке алынған. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 30,5 млрд теңгеден астам айыппұл салынып, мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларына жолданған. Әкімшілік тәжірибе аясында валюталық заңнаманы бұзу жағдайлары бойынша 62 іс сотқа жолданып, 169 іс қаралды, – деді Айдос Қадірбердиев.

Ведомствоның мәлімдеуінше, негізгі мәселелердің қатарында валюталық түсімді уақтылы қайтармау және құжаттарды кешіктіріп ұсыну жағдайлары бар. Осыған байланысты түсіндіру және алдын алу шаралары күшейтіліп, бақылау тетіктерін жетілдіру қолға алынған.

Бұдан бұрын қазақ-өзбек шекарасында делдалдар шетелдіктерді мазалағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью