Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Куәгерлердің айтуынша, бір топ адам жігітті жабылып ұрып, ес-түссіз жатқанына қарамастан басынан тепкілеген. Almaty.tv дерегіне сүйенсек, дәрігерлер науқастың өмірі үшін бір апта бойы күресіп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Ал баласынан айырылып қала жаздаған ата-ана кінәлілердің қатаң жазалануын талап етеді. Құқық қорғау органдары аталған жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталған. Оларға қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
"Қазіргі уақытта барлық мәнжайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда. Туыстарының айтқан уәжі зерттеліп, тексерілетін болады. Қазіргі таңда жәбірленуші медициналық мекемеде емделуде. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев.
Бұған дейін баласын жылу батареясына байлап, соққыға жыққан әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп танылғанын жазғанбыз.