Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ұлттық дәстүрді дәріптеген жастар учаскеге салт атпен келіп, өз таңдауларын жасады. Олар ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын танытты.
Фото: видеодан алынған скринБұл бастама ауыл тұрғындарының назарын аударып, дауыс беру күніне ерекше көрік берді. Жастардың ұлттық нақыштағы әрекеті көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Фото: видеодан алынған скринАуыл жастарының айтуынша, мұндай бастама ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар, жастардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына ықпал етеді.
Фото: видеодан алынған скринФото: видеодан алынғын скрин— Бүгін біз еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық. Әр азаматтың дауысы маңызды, пікірі құнды деп санаймыз. Баршаңызды дауыс беруге шақырамыз, — деді көкпаршы Мәди Сейдуллаев.
Айта кетейік, аталған учаскеде тұрғындар референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатыр.
Фото: видеодан алынған скринБұдан бұрын Түркістан облысында 37 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс беретінін жазған едік.