Түркістан облысында көші қон заңнамасын бұзғандардан 2,8 млн теңге айыппұл өндірілді

11.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.

Көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью