Түркістан облысында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды

12.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кәсіпорын Түркияның HAS MAKINA YDK. PARC. MET. SAN. TIC. LTD. STI. компаниясының заманауи технологиялық желісімен жабдықталған. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеп, дайын өнім — өсімдік майын өндіруге мүмкіндік береді.

Фото: АШМ

Кәсіпорынның жалпы аумағы 4,3 гектар, оның ішінде 2 686 шаршы метр май өндіретін зауыттың өндірістік ғимаратына тиесілі.

Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 100-ден 150 тоннаға дейін майлы дақыл тұқымын өңдеуге мүмкіндік береді.
Жобаның құны - 1 миллиард теңге.

Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін арттыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және Түркістан облысының экономикалық әлеуетін нығайтуға жол ашады.

Фото: АШМ

Айта кетейік, Ақмола облысында майды сығындылау зауытын салу жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру жұмысы басталады.

Биыл Қашағанда газ өңдеу зауыты іске қосылады.

БҚО-да тері өңдейтін зауыт іске қосылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью