Түркістан облысында мас әйел бес адамды қағып кетті: үшеуі көз жұмды

08.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Түркістан облысындағы Арыс қаласында көлік тізгіндеген мас әйел үш адамның ажалына себеп болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үй маңындағы сәкіде демалып отырған бес адамды көлік келіп қаққан. Рөлде әйел болған. Салдарынан үш адам көз жұмды, екеуі бала. Тағы екі адам жарақат алған.

"Арыс қаласында JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью