Түркістан облысында мектепте жарақат алған оқушы қайтыс болды

31.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданында 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқушы дене шынықтыру сабағында жаттығу кезінде құлап, жарақат алған.

"Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханаға жедел жеткізген. Өкінішке қарай, ота кезінде бала көз жұмды", - деді облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қайғылы жағдай күзгі каникул басталмай тұрып болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деді басқармадағылар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью