Түркістан облысында мемлекеттік бюджетке 1 трлн теңге салық түскен

24.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Ерлан Тұрысов мәлімдеді.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

-2025 жылы 12 млрд теңгеге жуық қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді. Атап айтқанда камералық бақылау нәтижесінде – 5,7 млрд теңге, жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру бағытында – 3,5 млрд теңге, кедендік әкімшілендіру нәтижесінде және ҚҚС әкімшілендіру бағытында - 2,6 млрд теңге. Бұдан бөлек, өңірде көлеңкелі кәсіптердің алдын-алу мақсатында департамент тарапынан тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, 2025 жылы кедендік бақылау нәтижесінде заңсыз есірткі заттарын алып өтудің 32 дерегі анықталды. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 271 дерегі анықталып, сот арқылы 16,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Жалпы 25,6 тонна бензин, 37,2 тонна дизель отыны тәркіленді. 

Сонымен қатар, 115 мың АҚШ долларын елден заңсыз әкету бойынша 5 дерек болды. Ал, рейдтік тексеру нәтижесінде 640 салықтық құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, 375-сі - бақылау-касса машинасын қолданбаған, 143-і - салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, 7-і - салық төлеуші pos-терминал қолданбаған, 115-і - салық төлеуші лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқандығы анықталды.

Заңсыздыққа жол берген кәсіпкерлер құқықтық жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, облыстағы 4 кеден бекеті арқылы күніне орта есеппен 40 мың жеке тұлға, 1 мыңнан астам жүк көліктері, 1500 жеңіл және 80 автобус өтеді. Сонымен қатар, департаменттің байланыс орталығына 32,5 мыңнан астам салық төлеуші жүгініп, мәселелерін заңға сәйкес қарастырып, жедел шешу жұмыстары атқарылды.

Айта кететін жайт, тұрғындар «Салық төлеушінің кабинеті», «Egov.kz» электронды үкімет порталы және «E-salyq Azamat», «E-salyq Business» мобильді қосымшалары арқылы ақпарат ала алады. Басқа мәселелері бойынша кеңес беруге арналған «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «Salyq Bot» чаты тәулік бойы жұмыс істейді - деді спикер.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін Қызметтер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова еліміздегі жаңа салық кодексі туралы баяндама жасады.

-2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР жаңа Салық кодексі күшіне енді. Бұл салық жүйесін реформалаудағы маңызды кезең. Жаңа жүйеге сәйкес, бірқатар жүйелі өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, сараланған салық мөлшері енгізілді, ҚҚС реформаланды, «Сән-салтанат салығы» енгізілді, арнаулы салық режимдері өзгерді, салық жеңілдіктерін алудың ашық және нақты ережелері әзірленді.

Сондай-ақ, салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқарды. Биылдан бастап КТС - 20%, банк қызметі – 25%. ойын бизнесі – 25%. әлеуметтік салалар– 5%, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер - 3%. ауыл шаруашылығы кооперативтері – 6% көлемінде салық төлейді. Ал, ҚҚС мөлшерлемесі – 16%. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге – 5%. Міндетті тіркеу шегі – 10 000 АЕК құрайды. Спирттік ішімдіктер мен темекіге акциз жыл сайын 10%-ға өсіп отырады. Сондай-ақ, сән-салтанат салығы бойынша көліктер 18 000 АЕК-тен бастап салық құнының 10%, яхталар, ұшақтар 24 000 АЕК-тен бастап салық құнының 10% мөлшерінде төленеді. Бағасы 450 миллион теңге асатын жылжымайтын мүлік салығы - 2 миллион 946 мың теңге.

Сонымен қатар, биыл 3 арнаулы салық режимі арқылы салық жиналады. Арнаулы салық режимінде ҚҚС бойынша ақпараттық жүйе төлеу мерзімінде салық сомасын автоматты түрде көрсетеді. Салық төлеуші оны тек растайды. Егер есептілік уақытында тапсырылмаса, декларация нөлдік деп қабылданады. Айыппұл жоқ, бірақ кейін қосымша декларация арқылы түзетуге болады. Жоспарлы тексерулер жойылды. Тәуекелдерді басқару жүйесі енді бұзушылықты анықтауға емес, алдын алуға бағытталады. Шағын және орта бизнес үшін тексеру мерзімі мен талаптарға шектеу қойылады - деді спикер.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью