Түркістан облысында өрістегі малға қасқыр шабуда

26.11.2025

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қаратаудан түскен қасқыр малды шетінен жайпап барады. Ұсақ малдан бөлек, сиыр мен жылқыға да ауыз сала бастаған. Мәселен, ауыл шетінде қора салып, жылқы бағып отырған Әтірхан Кемелбековтің бір түнде он шақты малы қасқырға жем болған.

Ал малшылар қасқырдың кесірінен қарызға белшеден батқанын айтады. Өйткені тауда еркін жайылатын жылқыға жыртқыш үздіксіз шабуылдайды екен. Енді ол қар түскенше жайылатын малды амалсыз иелеріне қайтарып берген. Ал өзі шығын болған малдың өтемақысын төлей алмай сандалып жүр.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, төрт түлігін қасқыр тамақтап кеткен жұрт оны ауыздықтауға шамамыз келмейді дейді. Өйткені ауылдағы бар мылтықты түгелдей жинап алған. Ал атуға рұқсат жоқ. Жеке аңшыларды жалдайын десе, қаражат тапшы.

Өз кезегінде, ауыл әкімдігінің өкілдері аңшыларды шақыруға бюджеттен қаржы бөлінбегенін айтты. Соған қарамастан, олар облыстық аңшылар қоғамына екі мәрте ресми хат жолдапты. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ. Ал аудан басшылары бұл жағдайдан бейхабар болып шықты.

Бұған дейін Алматы маңында жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью