Түркістан облысында өзін зорлады деп жалған айғақ берген азаматша бес жылға сотталды

04.04.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бұл туралы 2026 жылы 4 сәуірде өңір прокуратурасы хабарлады:

"Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқысы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген. Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған.  2026 жылы 18 ақпанда сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылып,  оларға 5 және 6,5 жылға тисінше бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".

Прокуратура органдары азаматтарды қылмыстық процесте шынайы айғақтарды беруге шақырады.

Көрінеу жалған жауап беру заңмен қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью