Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ол 12 мұғалімге бюджеттен еңбекақы ретінде негізсіз түрде 16 млн теңгеден астам қаржы төлеген.
Бірінші сот қарауы кезінде оның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбегендіктен, ақталып шыққан.
Астанада мектеп директоры мен есепшісі 600 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған
Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, іс жаңадан апелляциялық қарауға жіберілді.
Істі жаңадан қарау кезінде сот бұрынғы мектеп басшысын лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты
Айта кетейік, былтыр Абай облысында «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры балалар шығармашылығы мен спорттық секцияларға бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.