​Түркістан облысында пәтер ұрлығын жасаған жігіт ұсталды: күдікті жәбірленушінің немересі болып шықты

16.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: polisia.kz


Сауран ауданында полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, күдікті жігіт жәбірленушінің немересі болып шықты. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзып, ішінен 3 млн теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Жалпы шығын 7 млн теңгеге жуық.
Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Тергеушілер қажетті заңды шаралардың барлығын атқарып, істі дәлелдеп, сотқа жолдады.

Бүгін, 14:18

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью