Түркістан облысында салынғанына бір жыл толмаған ғимараттың қабырғалары жарыла бастады

23.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аудан әкімдігінің мәліметінше, аталған ғимараттың құрылысын 2024-2025 жылдар аралығында мердігер ұйым — «Дәулет» ЖШС жүргізген.

Фото: видеодан алынған скрин Фото: видеодан алынған скрин

— Нысанға жүргізілген тексеру барысында қабырғаларда жарықтар мен ойықтардың пайда болғаны, сондай-ақ ішкі қабырғалардың шөгу фактілері анықталды. Осыған байланысты таяуда мердігер мекемеге кемшіліктерді жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берілді, — делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

Фото: видеодан алынған скрин

Сонымен қатар, мамыр айына дейін құрылысты ретке келтіру бойынша мердігер ұйымнан кепілдеме алынған.

Фото: видеодан алынған скрин

Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігер ұйымды міндеттеу бағытында заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Фото: видеодан алынған скрин Фото: видеодан алынған скрин

Бұдан бұрын Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би ауылында көпір маңындағы су арнасы аудандық маңызы бар автомобиль жолына қауіп төндіріп тұрғанын жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью