Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Өткен жылы шегіртке зиянкесі өңірдің тоғыз ауданында тіркеліп, әсіресе Арыс қаласы мен Сарыағаш, Келес аудандарында көп байқалған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыста аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 408 мың гектар аумақта жүргізіледі.
Фото: Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы— Оның ішінде 328 мың гектар жер үсті бүріккіштерімен, 72,3 мың гектар ұшақпен («АН-2»), 5,6 мың гектар аспалы бүріккіштермен және 2,1 мың гектар алқап дрондар арқылы өңделеді. Ал саяқ шегірткеге қарсы 36 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізіледі, — делінген басқарма ақпаратында.
Ведомство мәліметінше, марокко шегірткесінің күбіршелерін 52,9 мың гектар аумақта зерттеу жоспарланған. Наурыз айының басынан бері «Болжам орталығы» күбіршелерге көктемгі зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Фото: Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасыҚазіргі таңда Арыс қаласы, Сарыағаш және Келес аудандарындағы ошақты аймақтар тексерілді. Кей аумақтарда 1 шаршы метрдегі күбірше тығыздығы 120 данаға дейін жетсе, кей жерлерде 1 дана деңгейінде тіркелген.
Фото: Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасыФото: Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы— Арыс, Келес, Сарыағаш аумақтарында күбірше тығыздығы былтырғыдан аз болуы мүмкін деп болжанып отыр. Алайда орналасу аймағының ұлғаю қаупі бар. Өңірде фитосанитариялық жағдайға талдау жасалып, 65 сектор белгіленді. Өңдеу жұмыстары ауа райына байланысты сәуір айының екінші онкүндігінде басталады, — деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы басқармасы.
Мамандардың айтуынша, бір шегіртке шамамен 100-ге жуық жұмыртқа салады, сондықтан дер кезінде толық жойылмаған жағдайда зиянкес тез көбейеді. Өткен жылы тәжірибе ретінде өңірде 1000 гектардан астам ошақты алқаптарда жер жырту әдісі қолданылған. Нәтижесінде күбіршелердің зақымдануы 10-15 пайызды көрсеткен.
Фото: Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасыШегірткемен күресте анықтаушы топтарға жатын орындар дайындалып, штабтар Келес пен Арыста орналасады.
Сондай-ақ зиянкестің таралуын болдырмау үшін Созақ, Бәйдібек аудандары мен Өзбекстанмен шекаралас аумақтар тұрақты бақылауға алынады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы Оңтүстікте шегіртке қаптаған еді.