Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат ауылындағы Машат өзенінде суға кеткен 2024 жылы туған бүлдіршінді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 31 наурыз күні сағат 18:00 шамасында 2 жасар бала ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ТЖД жедел-құтқару жасақтары, Полиция департаменті, прокуратура, жедел медициналық жәрдем қызметі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Жалпы жұмыстарға 250-ге жуық адам, 14 техника, 2 жүзу құралы, ТЖМ-нің бір кинологиялық тобы, ұшқышсыз ұшу аппараты және спутниктік байланыс құралдары тартылған.
Сондай-ақ дрон арқылы 1 шақырым аумақ тексерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.