Түркістан облысында Таза жағалау акциясы өтті

14.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Арыс тұрғындары өзен мен қала аумағынан өтетін Қабылсай арнасы бойын қоқыстан тазартып, жағалауды жинастырды.

Арна еріген қар мен жаңбыр суын өткізеді. Сондықтан табанын жиі тазалап тұрмаса, қоқысқа толып кетеді, - дейді табиғат жанашырлары. Сонымен қатар қаладағы көшелер бойы және көпқабатты үйлердің ауласы ретке келтірілді. Орталық саябаққа жас көшеттер егілді.

Ақынбаба Қошқаров, Арыс қаласының тұрғыны:

- «Таза Қазақстан» акциясы бір күндік шара емес. Жыл бойы «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, барлық жерді таза ұстасақ, өзіміздің денсаулығымызға да, өмірімізге пайдалы. Бүкіл Арыс қаласының тұрғындары, қаламызды таза ұстайық. Мінекей, тегін көк ағаштар беріліп жатыр, соны егейік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью