Түркістан облысында той кортежі жазаланды

13.10.2025

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Алматы - Шымкент тасжолының 667-шақырымында жол ережесі бұзылғанын анықтады. ІІМ мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін 10-ға жуық көлік жалдаған.

"Олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына кедергі келтірген. Барлық жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды. Ал көліктер айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ, ұйымдастырушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді ІІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью